Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мәйітті қайта қазып алдық": Айзаттың өлімі жайлы ел естімеген сұмдық дерек шықты

Қоғам
"Мәйітті қайта қазып алдық": Айзаттың өлімі жайлы ел естімеген сұмдық дерек шықты
Alash.kz коллажы

Талдықорған қаласында 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров маңызды деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Сарапшының айтуынша, сот-медициналық зерттеу үшін марқұмның мәйіті қайта қазылып алынған. Alash.kz дерегінше, қайта сараптама барысында бастапқы тексеруде тіркелген жарақаттармен қатар, қосымша зақымдар да егжей-тегжейлі зерттелген.

"Біз сот-медициналық сараптаманы мәйітті қайта қазып алу арқылы жүргіздік. Алғашқы зерттеу кезінде анықталған жарақаттарды және қосымша зақымдарды толық қарап шықтық. Сараптама қорытындысында барлық жарақаттың тірі кезінде салынғаны көрсетілді. Ал аяқ-қолындағы сүйретілу іздері өлі күйінде пайда болған. Өлімнің нақты себебі бас миының ауыр жарақаты. Оның механизмі бетке бірнеше рет соққы жасалып, бас сүйегінің сынуымен байланысты. Бұл жарақаттарға жұдырықпен де, аяқпен де соққы жасау жатады", – деді Тахир Халимназаров.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу