Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Майлыбаев мерзімінен бұрын түрмеден шықты

Мәдениет
Майлыбаев мерзімінен бұрын түрмеден шықты

Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шыққан. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының 14 мамырда шығарған қаулысымен мерзімінен бұрын босап шыққан. Сот қаулысы 30 мамырда күшіне енген. Азаттық тілшісіне Нұр-Сұлтан сотының қызметкерлері хабарлаған.

"Қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және "мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария етті" деп айыпталған президент әкімшілігінің бұрынғы жоғары шенді қызметкері 2017 жылы 5 жылға сотталған еді.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің Азаттыққа айтуынша, Бағлан Майлыбаев Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторынан 30 мамырда босап шыққан. Ол 1 жыл 4 ай 21 күн түрме жазасы қалған кезде босап шыққан.

Әкесі Асаубай Майлыбаев Азаттық тілшісіне түрмеден босап шыққан ұлының жағдайы қалыпты екенін айтқан.

Мамыр айында Майлыбаевтың түрмеден босап шыққаны туралы ақпарат БАҚ-та жарияланбады. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі Азаттыққа ресми сауалсыз жауап беруден бас тартқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу