Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мал ұрлайтындарға жаза қатаңдатылды

Құқық
Мал ұрлайтындарға жаза қатаңдатылды

Енді мал ұрлығы қайталанған жағдайда ауыр қылмыс саналады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz.    

Мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодексте жеке бап енгізілді. Ұрлықшының мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Мал ұрлығы қайталанса және қорадан ұрлаған жағдайда жаза қатаңдайды, яғни ауыр қылмыстар санатына жатады, - деді Шыңғыс Әлекешев ведомствода өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған жаза түрі екі жақтың өзара татуласып, ұрының жауапкершіліктен жалтаруына жол бермейді. 

Айта кетейік, таяуда Шығыс Қазақстанда мал ұрлығы өршіп тұрғанын жазған едік.

Фото: zhaikpress.kz  


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу