Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысында автобус аударылып, 4 адам қаза тапты

Оқиға
Маңғыстау облысында автобус аударылып, 4 адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Автобуста барлығы 50 адам болған. Жол апаты 16 қаңтар күні сағат 01:03-те «Доссор – Ақтау» тас жолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

Оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Көлік құралын 41 жастағы жүргізуші басқарған.

Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізуде.

Бұған дейін Шымкент–Алматы тасжолында көліктер соқтығысып, екі адам жарақат алған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу