Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысындағы мектептің төбесі опырылып түсті

Оқиға
Маңғыстау облысындағы мектептің төбесі опырылып түсті

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында мектеп-гимназия ғимаратының акт залының шатыры опырылып түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 23 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында болған. Қираған кезде ғимаратта ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Мәліметке сәйкес, опырылып түскен аумақ 250 шаршы метр болған.

Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, мектеп ғимараты 2009 жылы салынып, пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1 200-ден аса бала білім алады екен.

“Қазір оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажет тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды.  Бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады”, – делінген хабарламада. 

Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов комиссиямен бірге оқиға орнында жүр. 

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу