Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Оқиға
Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Маңғыстауда көшеде жаңа туған нәресте табылды, - деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қазір баланың анасын іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

5 мамырда таңғы сағат 09:30 шамасында Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінің алдында жатқан жаңа туған сәбиді жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомство өкілдері баланың анасын анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасының жеке басы мен орналасқан жері анықталып жатыр. Нәресте перзентханаға жеткізілді", – делінген ресми хабарламада.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу