freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда полиция ондаған келі бекіре мен гашиш тәркіледі

Оқиға
Маңғыстауда полиция ондаған келі бекіре мен гашиш тәркіледі
polisia.kz

Маңғыстау облысында полицейлер бекіре тұқымдас балықтар мен есірткіні заңсыз сақтау дерегін анықтады. Нәтижесінде ондаған келі балық пен есіртік өнімі тәркіленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, заңбұзушылық жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталып отыр. Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері 64 келіден астам бекіре тұқымдас балықты тауып, тәркілеген.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында тағы 21 келіден астам балық, электронды таразы және салмағы 213 грамнан асатын гашиш табылған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу