Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатында 10 адам қаза тапты

Оқиға
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатында 10 адам қаза тапты

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Malim.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, 11 қыркүйекте Toyota Hiace жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Салонда жолаушылар болған. Оқиға салдарынан 8 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полиция қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Жолаушыларды тасымалдау кезінде жылдамдық режимін және қауіпсіздік талаптарын орындау аса маңызды. Жол ережесін болмашы бұзудың өзі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Фото: КазТАГ/Мадина Алимханова

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу