Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан босатылды

Саясат
Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды, Malim.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Марат Қарабаев Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – «Өндірісті-жүйелік инженерия» мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған. 

2011–2013 жылдары Ауыл шаруашылығы және Индустрия министрліктерінде сарапшы болды. Кейін көлік, кәсіпкерлік және индустриялық даму салаларында басшылық қызметтер атқарып, министрліктер деңгейінде жұмыс істеді. 2023 жылдың қаңтарынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, ал 2 қыркүйектен бастап Көлік министрі лауазымын атқарды.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу