freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марко Рубио: Біз Еуропаның мықты болғанын қалаймыз

Әлем
Марко Рубио: Біз Еуропаның мықты болғанын қалаймыз
Фото: dts Nachrichtenagentur/IMAGO

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мюнхен қауіпсіздік конференциясындағы сөзінде АҚШ пен Еуропа арасындағы тығыз байланыстарды атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

ХХ ғасырдағы қақтығыстарды еске алған Рубио АҚШ пен Еуропа Батыс пен Шығысты біріктіре отырып, бірге жеңіске жеткенін айтты.

«Осы жеңістен кейінгі эйфория бізді “тарихтың соңы” дәуіріне қадам бастық деген қауіпті жаңсақ пікірге алып келді. Яғни, барлық мемлекеттер енді либералды демократияға айналады, ал сауда мен экономикалық байланыстар ұлттық мемлекеттердің орнын басады деген түсінік қалыптасты. Ғаламдық әлем ұлттық мүдделерді алмастырып, біз шекарасыз өмір сүретін боламыз делінді. Бұл – ақымақ идея болды және ол бізге өте қымбатқа түсті», – деді Марко Рубио.

Мемлекеттік хатшы ұлттық жүйелерді әлсірететін еркін сауда тұжырымдамасын, өндірісті шетелге көшіруді және «маңызды жеткізілімдерге бақылауды бәсекелестер мен қарсыластарға беруді» сынға алды.

Оның айтуынша, «біз өз егемендігімізді халықаралық институттарға аутсорсингке бердік», бұл өз қауіпсіздігімізге зиян келтірді.

«Біз климаттық культтің әсерімен өзімізді энергетикалық саясатта шектедік, ал біздің қарсыластарымыз газ, мұнай мен көмірді тек экономикасы үшін ғана емес, бізге қысым жасау құралы ретінде де пайдаланды. Біз қоғамымызға, мәдениетімізге және болашағымызға қауіп төндіретін көші-қонның бұрын-соңды болмаған толқынына есігімізді аштық», – деді Рубио. Ол АҚШ пен Еуропа бұл қателіктерді бірге жасағанын атап өтті.

Рубионың сөзінше, АҚШ бұл қателіктерді түзетуді көздеп отыр және мұны Еуропамен бірге жүзеге асырғанды жөн көреді.

Біз Еуропаның мықты болғанын қалаймыз. Біз Еуропа сақталуы тиіс деп сенеміз. <…> Сондықтан біз, америкалықтар, кейде кеңестерімізде тік әрі табанды болып көрінуіміз мүмкін. Себебі, достарым, бұл мәселе біз үшін шынымен де маңызды», – деді Марко Рубио.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу