Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марқұм Шерзаттың отбасының үй мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Қоғам
Марқұм Шерзаттың отбасының үй мәселесі қалай шешілетіні айтылды

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасының үй мәселесі, кейіннен көмек мәселесіне қатысты басынан бастап жергілікті әкімдік ұсынысын берген. Бірақ, өздері ауылдағы әке-шешелерінің үйінде тұратынын айтқан. Дегенмен, жергілікті меценаттар әлі де үй соғып беруге дайын. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл, аудан әкімдіктері, өзіміздің құрылымдар түгел олармен байланыста. Тиісті көмегін ҮЕҰ арқылы, меценаттар арқылы көрсеттік. Меценаттар қазір де үй салуға дайын. Олардан өз келісімін күтіп отырмыз. Әзірше оларға қыс мезгілінде үйдің тиісті құжаттарын дайындап алайық деп ұсындық, деді облыс басшысы.

Оның сөзінше, жалпы жағдай тұрақты, құқық қорғау органдары толық ақпаратты көрерменге жеткізіп тұр. Осы жағдайдан кейін тілшілердің отставкаға кету мәселесіне де жауап берді.

Біздің жұмысымыз тек әлеуметтік желіде тараған жаңалықпен бағаланбайды. Көптеген сала бар. Халық, басшыларымыз сол тұрғыдан бағасын берер, деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалғанын жаздық

Одан кейін Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталғанын мәлімдеді

Фото: qaa.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу