freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«ІІМ-ге жүгінемін»: Әбенов өзіне қарсы ақпараттық шабуыл басталғанын айтты

Қоғам
«ІІМ-ге жүгінемін»: Әбенов өзіне қарсы ақпараттық шабуыл басталғанын айтты
Фото: mazhilis.kz

Мәжіліс депутаты Мурат Абенов мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтау жүйесіне қатысты сынынан кейін өзіне қарсы ақпараттық шабуыл басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жала жабу фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүгінетінін хабарлады.

«Бұл менің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 және 613-баптары бойынша жазалау кезінде жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі ұстанымыма қатысты», – деді Әбенов.

Айта кетейік, депутат бұған дейін мас жүргізушілерді анықтаудың қазіргі жүйесінде жемқорлық тәуекелдері бар екенін айтқан болатын. Оның пікірінше, жүргізуші куәлігін жеті жылға дейін айыру сияқты қатаң жаза мен тексеру рәсімдерінің ерекшеліктері кейбір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа негіз болуы мүмкін.

Сондай-ақ Әбенов кей өңірлерде полиция қызметкерлері жүргізушілердің медициналық куәландырудан өту құқығын елемейтінін және күмән тудыратын алкотестерлер қолданылатынын алға тартты. Депутаттың айтуынша, кейбір жағдайларда жарамдылығы күмәнді құрылғылардың көрсеткіштері негізінде шешімдер қабылданған.

Мәжілісмен мәселені жан-жақты қарастырып, жүргізушілердің құқықтарын қорғау мен жемқорлық тәуекелдерін азайту бағытында өзгерістер қажет екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу