freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеу маңындағы ең ірі Wildberries қоймасы өртенді

Әлем
Мәскеу маңындағы ең ірі Wildberries қоймасы өртенді
Фото: Exilenova, Astra

Ресейдің Мәскеу облысында 16 тамызға қараған түні жаппай дрон шабуылы болды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Өңір губернаторы Андрей Воробьевтің мәлімдеуінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 187 дронды жойған.

Подольск қаласында дронның қоймаға түсуінен Wildberries компаниясының «Коледино» индустриялық паркіндегі логистикалық нысанында өрт шыққан. Шабуыл кезінде қызметкерлер паналауға шығарылған, зардап шеккендер жоқ.

Бұдан бөлек, Домодедовода дәрі-дәрмек сақталған қойма өртенген. Каширада полиция бөлімінің жаңа ғимараты, ал Воскресенскіде өндірістік нысанның жекелеген құрылыстары зақымданған.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәліметінше, Мәскеу маңындағы МКАД ауданында дрон шабуылынан үш адам зардап шеккен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу