Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Медицина саласында заң бұзғандар жазаға тартылды

Құқық
Медицина саласында заң бұзғандар жазаға тартылды
Polisia.kz

ІІМ ел аумағындағы бақыланатын заттардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, оның ішінде құрамында есірткісі бар дәрілік препараттарды рецептсіз өткізуге қарсы бағытталған ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Нәтижесінде белгіленген талаптарды бұзуға жол берген медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодексінің 303-бабы бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды, 136 заңды тұлға, оның ішінде 166 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Синтетикалық есірткілерді өндіруде пайдаланылуы мүмкін шамамен 1 мың тонна прекурсордың, 60 мыңға жуық таблетканың, 75 мыңнан астам психоактивті препаратты ампулаларының айналымы шектелді.

Атап айтқанда, Қарағанды облысында Ресей Федерациясының аумағынан жеткізілген 64 тонна күкірт қышқылы сақталған теміржол цистернасының техникалық нығайтылуы талаптарға сай келмейтіні анықталды. 

Шымкент қаласында медициналық мекемелердің бірінде лицензиялық талаптардың бұзылуы анықталып, соның нәтижесінде психотроптық препараттардың 50 мың бірлігі айналымға жіберілмеді. Түркістан облысында заңды тұлғалардың бірі 100 тонна күкірт қышқылын мамандандырылған күзеттің сүйемелдеуінсіз тасымалдаған. Ал Жетісу облысында синтетикалық есірткілерді дайындауда қолданылатын эфедра прекурсорының 200 келі тәркіленді.

Алматы облысында медицина қызметкерлері бақыланатын препараттарды арнайы жабдықталған қоймаға емес, реанимациялық палатада сақтаған. Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаны оларды тасымалдау, сақтау, пайдалану және өткізу нормаларын қатаң сақтауға шақырады. 

Еске саламыз, есірткілердің заңды айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары ел аумағынан тыс жерге шыққанда келесі мән-жайға ерекше назар аударуы қажет. Кейбір мемлекеттерде, оның ішінде Ресей Федерациясында, еліміздің аумағында тыйым салынбағанына қарамастан, гармала (адыраспан) өсімдігін әкелуге, әкетуге, тасымалдауға және сақтауға тыйым салынған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу