2026 жылғы 10 сәуірде Оқу-ағарту министрлігі балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша өтініштерді қабылдау мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомствоның мәліметінше, биыл құжат қабылдау науқаны 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері:
27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы.
10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы.
18 маусым – 31 тамыз:
Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы.
29 маусым – 31 тамыз:
Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
Барлық өңірде құжат қабылдау 31 тамызда аяқталады.