Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет басшысы: Бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды

Саясат
Мемлекет басшысы: Бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында биылғы Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Cонымен қатар бүгінде Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсіп жатқанын айтты.

- Бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Біз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыра түсеміз, яғни еліміз Президенттік Республика болып қала береді. Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсуде. Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Мұндай ұстаныммен қарайтын болсақ, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар. Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы Парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу