Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алған компаниялар анықталды

Құқық
Мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алған компаниялар анықталды

Атырау облысында екі компанияның мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алғаны анықталды. Ал бір компания топырақтың құнарлы қабатын сыдырып тастаған.


Атырау облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінен мәлім еткендей, Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының маңайында жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

«Тексеру кезінде «А» ЖШС-нің топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алып, жоюға қатысты дерек анықталды. Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен «А» ЖШС-ға 3 млн 692 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Серіктестікке жер заңдылығының талабын бұзу дерегін жою туралы нұқау берілді. Бұл нұсқау міндетті түрде орындалуға тиіс», - деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Сондай-ақ, құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алу дерегі анықталып отыр. Осы фактіге қатысты «C» және «А» ЖШС-ға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалған. Аталған серіктестіктерден жалпы сомасы 369 мың теңгеден асатын айыппұл өндірілді.

Фото: arhe.msk.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу