Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

Саясат
Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет

Мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет, деп хабарлайды Malim.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Телефон тұтқасын көтергеннен кейін бірден амандасып, қойылған сұраққа нақты әрі сыпайы жауап беруі тиіс. 

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады. Яғни, енді қызметкерге сөйлесу барысында айғайлауға немесе ашулануға болмайды. Сондай-ақ, дауыс ырғағына да аса мән беру керек. Айта кетейік, аталған талаптарды орындамаған маман жазаға тартылады.  

Осы Әдеп Кодексінің нормаларын бұзуы әрине, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл жауаптылық белгілі болған кезде Қаржы министрлігінің ведомстволық бақылау жасау қызметімен тергеу жүргізіледі. Қызметтік тергеу нәтижесінде осы теріс қылық нақты анықталса, тәртіптік комиссия шешімімен жаза қолданылады, - дейді Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова.

Фото: Pixabay 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу