Германия канцлері Фридрих Мерц Бундестагта жасаған үкіметтік мәлімдемесінде Украинаға қолдау жалғасатынын растады және елдің болашақта Еуропалық одақтың мүшесі болатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Мерцтің айтуынша, бесінші жылға созылған Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату тек Украина, Ресей, Еуропа және АҚШ қатысатын келіссөздер арқылы мүмкін. Оның сөзінше, Германияның мақсаты – Украина үшін әділ әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу.
Канцлер Германия мен оның серіктестері Украинаны қажет болғанша қолдауды жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ ол Еуропалық одақтың Украинаға 90 млрд еуро көлеміндегі несиені мақұлдағанын, Ресейге қысымды күшейту шаралары қабылданып жатқанын айтты.
Мерц Ресейдің «көлеңкелі флотына» қарсы қатаң шаралар енгізіліп жатқанын және Еуропалық одақтың 21-санкциялар пакеті әзірленіп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, Ресей тарапынан болуы мүмкін шиеленістің күшеюіне жауап ретінде Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымының шығыс қанаты нығайтылатынын мәлімдеді.
Германия үкіметінің басшысы тұрақты бейбітшілікке тек Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа қатысатын келіссөздер арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.