Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мерц Украинадағы бейбіт жолға қатысты өз ұсынысын айтты

Әлем
Мерц Украинадағы бейбіт жолға қатысты өз ұсынысын айтты
Фото: Adriano Machado/REUTERS

Германия канцлері АҚШ-тың Украинаға арналған бейбіт жоспары Дональд Трамп талап еткендей 27 қарашаға дейін қабылданады деп санамайды, деп хабарлайды Malim.kz.  DW-ге сілтеме жасап.

Сондықтан Фридрих Мерц «ең болмағанда алғашқы қадам жасау» үшін өз ұсынысын енгізді.

Германия канцлері Фридрих Мерц Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысын тоқтату жөніндегі келіссөздер барысында өз ұсынысын алға тартты. Оның айтуынша, әңгіме АҚШ-тың 28 тармақтан тұратын «бейбіт жоспарының» қысқартылған нұсқасы туралы. Бұл жөнінде ол жексенбі, 23 қараша күні Йоханнесбургте өткен G20 саммитінде мәлімдеді.

Мерц: Алғашқы қадам жасау қажет

Саясаткер АҚШ-тың бейбіт бастамасын 27 қараша, бейсенбіге дейін келісу мүмкіндігіне күмән келтірді — бұл Украинаға Трамп белгілеген соңғы мерзім.
«Егер 28 тармақтың бәрін бес күн ішінде орындау тым күрделі болса, онда мен ең болмағанда украин тарап АҚШ пен еуропалықтардың келісімімен Ресеймен келіссөз жүргізе алатын бір тармақты анықтауға тырысқым келеді», — деді Мерц.

Ол өзінің ұсынысының егжей-тегжейіне тоқталмады, тек «бейсенбіде ең болмағанда алғашқы қадам жасау» жөнінде екенін айтты.

Мерцтің сөзінше, бұл ұсыныс қазір Женевада ЕО, АҚШ және Украина өкілдері арасындағы келіссөздерде де талқыланып жатыр.
«Бәлкім, біз алға жылжи аламыз, бірақ бұның қысқа мерзім ішінде жүзеге асатына әлі де күмәнмен қараймын», — деп атап өтті ФРГ үкіметінің басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу