Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Милад Карими биылғы әлем кубогындағы 6-шы алтын жүлдесін жеңіп алды

Спорт
Милад Карими биылғы әлем кубогындағы 6-шы алтын жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Мысырдың Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Карими кермеде жаттығу орындау бағдарламасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, төрешілерден 14,466 ұпай алды.

Екінші орынды Кипрлік Мариос Георгиу (14,066 ұпай), ал үшінші орынды Швейцариялық Ноэ Сейферт (13,866 ұпай) иеленді.

Айта кетсек, бұған дейін Карими еркін жаттығуларда да 1-орын алған болатын және жалпы есепте Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Осылайша қазір оның еншісінде Әлем кубогының кезеңіндегі турнирлерде жеңіп алған 9 алтын медальі бар.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу