freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Министр Аида Балаева Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Оқиға
Министр Аида Балаева Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты
Үкімет

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Ол марқұмның қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтті.

«Ардақты ағайын! Қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, аяулы азамат Мұхтар Шаханов жарық жалғаннан өтті. Барша қазақ еліне, ағамыздың әулеті мен ағайын-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Мұхтар Шаханов шоқтығы биік шығармалары арқылы көзі тірісінде-ақ күллі халықтың ыстық ықыласына бөленіп, алты алаштың ардақтысына айналған біртуар азамат еді. Ұлт тағдыры сынға түскен елдік істерде азаматтық ұстанымынан таймай, елжандылық пен парасаттылықтың озық үлгісін көрсетті»,– деп жазды министр.

Аида Балаева ақынның өлеңдері мен қоғамдық қызметі ұлттық руханияттың қазынасы болып қала беретінін жеткізді.

«Қаламгердің өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкелген тағылымы мол туындылары руханиятымыздың құнды қазынасы болып қала берері анық. Мұхтар ағамыздың отты да ойлы өлеңдері, қайсар мінезі, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Рухы пейіште шалқысын! Алла тағала ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін! Қош болыңыз, ұлтымыздың ұлы перзенті!»–деді ол.

Кеше Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өткенін жаздық. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу