Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мирзиёев пен Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Саясат •
Мирзиёев пен Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонды әуежайда Қазақстанның Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.

Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады.

Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті.

Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.

Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды да қарсы алды.

Ол да 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу