Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мөлдір Мұқанова, Мереке Қалбаевалар заңсыз лоторея ойнатқан. 121 адам анықталды

Қоғам
Мөлдір Мұқанова, Мереке Қалбаевалар заңсыз лоторея ойнатқан. 121 адам анықталды
Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Былтыр елімізде заңсыз лотерея ойнатқандар анықталды. Ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Арасында танымал блогерлер де бар, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларға Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті мониторинг жүргізген. 

«Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан комитетке келіп түскен өтініштер негізінде 2025 жылы 121 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған. Олардың арасында «Супермамасита» лақап атымен танымал Әлия Байтуғаева, блогер Мереке Қалбаева, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова, Justking31 лақап атымен танылған Нұрбек Нұртаза және оның әйелі, блогер Дархан Жолшыбеков және тағы басқалары бар.

Естеріңізге салайық, ӘҚБтК 445-1-бабы 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай құқықбұзушылық қайталанса, жеке тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері – 750 АЕК айыппұл төлейді. Сондай-ақ лотереядан түскен табысы тәркіленеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу