Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Моңғолия мектептерінде ағылшын тілі негізгі шет тіліне айналады

Әлем
Моңғолия мектептерінде ағылшын тілі негізгі шет тіліне айналады

Бұл туралы Моңғолиның жаңа білім министрі Пурэвсурэнгийн Наранбаяр ұстаздар кеңесінде айтты.

- Үшінші сыныптан бастап ағылшын тілін негізгі шет тілі ретінде оқыту биылғы оқу жылында 100 мектепте тестілік режимде басталады. Pearson English бағдарламасы оффлайн және онлайн түрде оқытылады, - деді министр.

Министрдің сөзінше, ағылшын тілі мұғалімдері магистр дәрежесін алу үшін шетелде оқиды. Айта кетейік, бұған дейін Моңғолияның ағылшын тілі мұғалімдерін Филиппинде оқыту туралы келісім жасалған.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен болса, Ұлан-Баторға сапарында Моңғолияда ағылшын тілі орталығын құру ниеті бар екенін жеткізді.

Фото: ru.wikipedia.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу