Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қызметтен ақша жымқырмақ болған шенеунік сотталды

Қоғам
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қызметтен ақша жымқырмақ болған шенеунік сотталды

Осы жылдың 20 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотымен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаева сотталды, деп хабарлайды Malim.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ол «Suberpro-com» ЖШС өкілінің «Церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Өсербаеваға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік
сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу