freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұнай бағасының өсуіне байланысты жалақы индексациялануы мүмкін

Қоғам
Мұнай бағасының өсуіне байланысты жалақы индексациялануы мүмкін
Ұлттық статистика бюросы

Мұнай бағасының өсуіне байланысты жалақы индексациялануы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.

Мұнай-газ компанияларымыздың табысы айтарлықтай өсетіні сөзсіз. Өздеріңіз білесіздер, кезінде «голланд ауруынан» жалтару үшін Ұлттық қор құру туралы шешім қабылданған еді. шикізат ресурстарынан түсетін салықтар мен салықтан тыс түсімдердің басым бөлігі бүгінде осы Ұлттық қорға шоғырланады. Дегенмен, республикалық та, жергілікті бюджет те табысты болуы тиіс. Өйткені, компаниялардың басым бөлігі баж салығын, экспорттық тасымал салығын төлейді. Олар мұнайымыздың бір баррелінің құнына байланыстырылған. Сол себепті салық артады және республикалық бюджетке түсім болуы тиіс, — деді Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Вице-премьер Үкімет Таяу Шығыстағы ахуалды жіті бақылап отырғанын, аталған аймақтағы жағдай тұрақталған жағдайда мұнай бағасының тез арада бұрынғы деңгейге түсуі мүмкін екенін айтады. 

Өздеріңіз көріп отырғандай, көптеген ел қорларын ашып, нарыққа мол мөлшерде мұнай шықты. Бұл бағаны біршама тұрақтандырады. Әзірше, алыпсатарлық байқалады. Сондықтан байыппен есептеп, жоспарлы режимде ілгерілеу керек. Артық ақша болса республикалық та, жергілікті де бюджеттерге түседі. Компания мол табыс тапса, жалақыны көтере алады. Табыс салығы, жеке және әлеуметтік салықтар және басқалары да бюджетті толықтырады. Сол кезде олар жалақыны индексациялау туралы қандай да бір шешім қабылдай алады, — деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу