Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұнайлы ауданында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел әлі табылған жоқ

Оқиға
Мұнайлы ауданында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел әлі табылған жоқ

Полиция әлі күнге дейін Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында жаңа туған сәбиін тастап кеткен ананың жүрген жерін анықтай алмай отыр, - деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іске қатысты жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатқанын мәлімдеді:

"Қазір баланың анасын анықталмай, оның жүрген жерін табылмады", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 5 мамырда таңғы сағат 09:30 шамасында Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесі маңынан жаңа туған сәби табылған еді. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Кейін табылған сәбидің қыз бала екені белгілі болды. Оның денсаулығы жайлы ақпаратты "Ана мен бала" перинаталдық орталығының дәрігерлері растады.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу