Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Спорт
Назым Қызайбай Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында басталған Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Назым Қызайбай бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен Назым бірінші айналымда словакиялық Николь Дуриковадан басым түсті. Қызайбай кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. 

Содан соң, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс Назым Қызайбайға берілді. 

Айта кетейік, Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатыр. 

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу