Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ноғаев әкім болғалы Маңғыстауда бір шенеунік қызметінен кетті 

Сұқбат
Ноғаев әкім болғалы Маңғыстауда бір шенеунік қызметінен кетті 

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман қызметінен кетті. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бұл орыннан өз өтініші бойынша босатылған. Әзірге оның тарапынан қандай қызметке баратыны айтылмады. 
Бұл Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалғалы бері орнынан кеткен алғашқы шенеунік. Қазір коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы саласына жауапты болған Серік Ғимыранұлының міндеті қала әкімінің орынбасары Ербол Ізбергеновке уақытша жүктелген. 
Серік Гусманның орнына алда кімнің тағайындалатыны әзірге айтылмады. Оған жергілікті кадр тағайындала ма әлде еліміздің басқа өңірінен басқа біреу келетіні алдағы күндерде белгілі болмақ.

Әліби Ерқосай, Ақтау қаласы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу