Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрбол Назарбаевтың шетелге шығарған активтері тексерілеті болды

Қоғам
Нұрбол Назарбаевтың шетелге шығарған активтері тексерілеті болды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың елден заңсыз шығарылған активтеріне қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың сауалына жауап берген Бас прокурор Берік Асылов мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, Нұрбол Назарбаев бұған дейін сот шешімімен 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылып, ол мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сонымен қатар, оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге көлемінде айыпақы салынған.

«Оның барлық банк шоттары бұғатталып, компания кірісі мен жеке мүлкін басқару құқығынан айырылды. Бұл әулеттің рейдерлік жолмен иеленген базарлары мен Алматы қаласы және облысындағы заңсыз алынған жер телімдері туралы қоғамда түрлі ақпараттар айтылып жүр. Әсіресе “Алтын орда” базарына қатысты деректер жиі айтылады. Алайда аталған нысандар тәркіленген активтердің қатарында бар-жоғы әзірге белгісіз, себебі бұл мәліметтер ашық түрде жарияланған жоқ», — деді Ринат Зайыт.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу