Әлеуметтік желі арқылы бала сатқандар ұсталды

Олар заңсыз әрекеттерін «surak.baribar» парақшасы арқылы іске асырған

Malim Админ

  • 03.09.2024

Алматы облысында бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды.

25 тамызда полицияға әлеуметтік желідегі «surak.baribar» парақшасында қылмыстық топ бала саудасымен айналысып жүруі мүмкін деген жедел ақпарат түскен. Олар заңсыз әрекеттерін кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген желеумен іске асырады екен.

Үш күн бойы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда облысынан келген 38 жастағы күдікті анықталды. Ол қаладағы дәмханалардың бірінде ақша алып жатқан жерінде ұсталып, қамауға алынды.

Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: mk-kz.kz

Байланысты жаналықтар

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Мысырда Ақмарал Мұқанованың өлімі: СІМ істің мән-жайын айтты

21.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025
MalimBlocks