457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында он жастағы баланы иттер талады

Алматы облысы Қарасай ауданында бірнеше ит балаға шабуыл жасаған.

Желідегі мәліметке сәйкес, футбол алаңында ойнап жүрген балаға жеке аумақтан шығып кеткен үш ит шабуыл жасаған. Баланы жақын маңдағы адамдар құтқарып қалған.


Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 маусым күні сағат 17:02-де Қарасай аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2014 жылы туған бала түскен. Ол бірден реанимацияға жатқызылып, бірнеше сағаттан кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылған.

Алған жарақатына байланысты таңертең баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланды. Емдеу хаттамаға сәйкес алынады, - деп хабарлады басқармадан.

Ал облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қазіргі таңда оқиғаның куәгерлерінен жауап алынып, барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады полициядан.

Фото: Zhaikpress