Ақтөбе облысында тікұшақ қатты қонып, экипаж мүшесі қаза тапты

Қалған екеуі Ақтөбеге жеткізілген

Мәди Саматұлы

  • 09.11.2024

Бүгін 9 қарашада Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңайында тікұшақтың қатты қарқынмен қонды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сағат 11:40-та 112 нөміріне осындай хабарлама түскен. Әуе кемесі, болжам бойынша, Қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Барған ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ-8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қорғаныс министрлігі оқиғаның техникалық ақаудан болғанын растады. Ал науқастарды Ақтөбеде  әуежайдан екі жансақтау бригадасы күтіп алды. Күйік шалған екі науқас ауруханаға жеткізілген. Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде, диагностика жүргізіліп жатыр.

Фото: Telegtam/Azattyq, ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

23.04.2025

Танымал қазақстандық әнші АҚШ-тағы тікұшақ апатынан аман қалды

12.04.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025
MalimBlocks
Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды. Суретті Ляззат Бердыбаева әлеуметтік желілерде жариялаған

Танымал қазақстандық әнші АҚШ-тағы тікұшақ апатынан аман қалды

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты