Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды

Malim Админ

  • 19.03.2025

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында айтты.  Ержан Сәденов бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады: кепілге алу, бұзақылық және жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасау.

"Менің тапсырмам бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Адамдар көп шоғырланатын жерде жарылыс, қару қолдану қаупі бар екенін ескерсек, полиция қызметкерлері дұрыс әрекет етті. Біз баға береміз, қазір тексеру жүріп жатыр", - деп жауап берді министр.

Бұған дейін не белгілі болды?

Еске салайық, бұған дейін қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан еді. Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынды. 

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025
MalimBlocks
Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді