Колониялардың бірінде теракт жасамақ болғандар ұсталды

Террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан

Malim Админ

  • 25.11.2024

22 қарашада ҰҚК ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.   


Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.  

"Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды.  

Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.  

Фото:  ҰҚК 

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

22.04.2025

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

09.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда қанша генерал бар?

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды