457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстаудағы кен орнында апатты жағдай болды

«Толқын» кен орнындағы №57 ұңғымада апатты жағдай болды, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 6 маусым күні Бейнеу ауданында орналасқан «Varro Operating Group» ЖШС-нің «Толқын» кен орнындағы №57 ұңғымадан газ-су қоспасының өртсіз шығуы тіркелді. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұңғыманың трубалық кеңістігінен газ-су қоспасының шығуы жалғасуда.

Авариялық жағдайды жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен – 10 бірлік техника, 32 қызметкер және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты;
«Ақберен» ЖШС, «Оңтүстік мұнай сервис» ЖШС, «Nobilis corp» ЖШС, «Varro Operating Group» ЖШС-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда. Төтенше жағдайлар департаменті барлық қажетті шараларды қабылдауда және ахуалдың даму барысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

Фото: видеодан кадр