Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қайғылы оқиға 6 сәуір күні кешке Кутузовский көпірі маңында болды. Марқұмның жасы 40 шамасында болған көрінеді.
«Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: istockphoto.com