Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кезек дауы төбелеске ұласты: Семейде ер адам жүкті әйелге күш көрсетті

Оқиға
Кезек дауы төбелеске ұласты: Семейде ер адам жүкті әйелге күш көрсетті
Фото: видеодан скрин

Семейде қалалық емханалардың бірінде маманға кезексіз өтуге әрекеттенген ер адам жүкті әйелдің телефондарын тартып алып, қолын бұраған. Полиция оқиғаны растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Зардап шеккен әйел полицияға жүгінген. Полиция жүкті әйелге қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамды ұстады.

Полиция қызметкерлері стоматологиялық клиникада орын алған оқиғаға қатысы бар ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала анықталғандай, кезекке байланысты туындаған жанжал барысында ер адам жүкті әйелге дөрекі сөздер айтып, оның ұялы телефонын тартып алған. Аталған азаматқа қатысты бұзақылық фактісі бойынша материал сотқа жолданды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу