Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

Куликов Ресейден жаппай мобилизация жарияланған соң кетіп, Алматыға көшкен

Сабина Асқарқызы

  • 27.03.2025

Мәскеулік актер Егор Куликов Ресейге қайтып оралған соң, құқық қорғау органдары тарапынан қысым көріп, соққыға жығылғанын айтты. Оның сөзінше, бұл жағдайға Қазақстан шоколадына арналған әзіл-оспақ жарнамадағы рөлі себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Куликов бұған дейін Ресейден жаппай мобилизация жарияланған соң кетіп, Алматыға көшкен. Сол жақта ол жарнамалық роликке қатысқан. Видеода Қазақстан шекарасында ресейлік релокантты атты жігіт қарсы алып, «еркіндік дәмі бар» шоколад ұсынады.

Біршама уақыттан кейін актер табыс табу үшін Ресейге қайта оралған. Алайда түсірілімнен қайтып келе жатқанда полиция оны тоқтатып, ұстап әкеткен. Бөлімшеде оны жалған ақпарат таратты деп айыптап, салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескерткен. Бөлімнен шыққан соң белгісіз адамдар оған шабуыл жасап, ұрып-соғып, ауыр дене жарақаттарын салған. Куликов ауруханаға жеткізіліп, кейінірек: «Тірі қалдым, бірақ қатты зардап шектім», – деді.

Ауруханадан шыққан соң оның үйінде тінту жүргізілді. Құқық қорғау органдары оған елден шығуға тыйым салынғанын айтқан. Соған қарамастан, Куликов сол күні-ақ Ресейден шығып, АҚШ-қа өтіп кеткен.

Фото: youtube.com/@gromkieryby

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады