Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олимпиададан бас тартқан Рыбакина бапкерімен де қоштасты

Спорт
Олимпиададан бас тартқан Рыбакина бапкерімен де қоштасты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен серіктестігін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бес жылғы серіктестіктен соң Стефано екеуміз әрі қарай бірге жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта барлық жақсылықты тілеймін. Қолдау көрсеткен жандардың бәріне алғыс білдіремін», — деп жазды Рыбакина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

15 тамыз күні Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA 1000 турнирінің бастапқы кезеңінде әлемнің 24-ракеткасы канадалық Лейла Фернандеске жол берді.  Оған дейін Уимблдон-2024 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу