freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танкерден төгілген мұнай Оман жағалауын ластады

Әлем
Танкерден төгілген мұнай Оман жағалауын ластады
Фото: Pléiades/CNES/Airbus DS/AP Photo/picture alliance

Оманның оңтүстігіндегі Рас-Мадрак мысында мұнаймен ластанған жағалау аумағы шамамен 12 шақырымға жетті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Елдің Қоршаған ортаны қорғау басқармасы төгілген мұнайдың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мұнайдың негізгі бөлігі маусым айында апатқа ұшыраған Caroline Bezengi танкерінен төгілген. Кеме шамамен 800 мың баррель ресейлік мұнай тасымалдаған және сарапшылар оны Ресейдің «көлеңкелі флоты» құрамына жатқызады.

Сонымен қатар Иранның Кешм аралы маңында да мұнай дақтары байқалып, жергілікті қызметтер оларды оқшаулау және тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай қалдықтары аралдың жағалауындағы, соның ішінде қорғалатын мангр ормандарына жақын аумақтарға жеткен.

Экологтар екі оқиғаның да теңіз экожүйесіне, балық шаруашылығына және жағалаудағы жануарларға қауіп төндіретінін ескертуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу