Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өндірістегі жарақаттануды жасырған аймақтар анықталды

Қоғам •
Өндірістегі жарақаттануды жасырған аймақтар анықталды
Еңбек министрлігі

Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өндірістік жақараттану деректерін анықтау мәселесіне қатысты түсінік берді.

- Өндірістік жарақаттануды жасыру - еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін мәселенің бірі. Ол жұмыс берушілердің жауапкершіліктен жалтаруына, жұмыскердің әлеуметтік қорғалмауына, кепілді әлеуметтік төлемдердің болмауына әкеледі. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жұмыс берушілердің өндірістік жарақатты жасыруы туралы 39 факті тіркелген, - А. Ертаев.

Оның сөзіне қарағанда, экономика салалары бойынша жасырылған жарақаттану фактілерінің дені – қызмет көрсету саласында – 18 жағдай, өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыс саласында 5 жағдайдан тіркелген.

- Өңірлер арасында жасырылған жарақаттанудың ең көбі Атырау облысында – 10 жағдай тіркелді, Астана қаласында – 7 жағдай, Ақмола облысында 6 жағдай орын алған, - деді министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу