1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

Арман Қайыпхан

  • 22.04.2025

Денсаулық сақтау министрлігі мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты,-делінген хабарламада.

Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:

  • емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;
  • өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;
  • 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.

Мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. Өзгерістер жүктемені оңтайландырып, азайтып, күту уақытын қысқартады.

МСАК мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді, ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін – 10 минут, 2-санат – 15 минут, 3-санат – 30 минутты құрайды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? - депутат министрге шүйлікті

21.04.2025

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту тәртібіне өзгерістер енгізіледі

21.04.2025

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

17.04.2025

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025
MalimBlocks
Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? - депутат министрге шүйлікті

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен заң бұзған жеке сот орындаушылары неге әлі жұмыс істеп жатқанын түсіндіруді талап етті

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту тәртібіне өзгерістер енгізіледі

Кешенді тестілеу кестесінде келесі кезеңге өту үшін «психологиялық тест» блогын «жеке сауалнамаға» ауыстыру бөлігінде өзгеріс енгізіледі

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды