10 балалы отбасы баспанаға зар болып отыр. Жахан Отарғалиев көмек сұрады

Атыраулық отбасы үй алу үшін халықтан көмек сұрайды.

Сабина Асқарқызы

  • 07.06.2024

Актер Жахан Отарғалиев 10 баласы бар әйелге көмек керегін айтып, халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Актер өзінің 15 жылдан бері әке атана алмай жүргенін айтып, әркімнің басындағы қиындық әртүрлі болатынын айтқан.

Менің бала аңсап жүргеніме 15 жыл болады екен. Мына кісілерде 10 бала бар. Әркімнің сынағы әртүрлі. 10 баласы бар отбасы бір баспанаға зәру. 
Атырауға келу себебімнің бірі осы еді. Көп балалы отбасының баспаналы болуына сізбен біз болып атсалысайық! Үлкен қызы Ақжарқын оқу ақысын төлей алмаған соң оқудан шығып қалыпты. Егер оқу ақысын төлесе, оқуға қайта қабылданады екен. Сол үшін бір жылдық оқу ақысын өзім мойныма алдым. Біздің болашағымыз білімді жастар ғой. Бәрі жақсы болады, – деп жазды өнер иесі. 

Ал көпбалалы ана бір айда 4 баспана ауыстырғанын жасырмады.

Басқаға бай болмасам да, балаға баймын. Жолдасымның ақшасы тек тамаққа кетеді. Жаңа киім де алып бермеймін. Бірінікін бірі киіп өсіп жатыр. Бірақ баспанамыздың болмауы жанға батады. Бір айда 4 үй алмастырдық. Көп балаға ешкім үйін бергісі келмейді. Өте қиын жағдайдамыз, – деп жылады батыр ана. 

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған