80 күйді жатқа білетін орыс бала көпті таңғалдырды

Сұлу Бөлек

  • 27.04.2025

Көкшетауда қазақтың 80-ге жуық күйін білетін орыс баласы тұрады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап. 

Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Секен Тұрысбековтың сынды дәулескер күйшілердің туындыларын нақышына келтіре орындайды. Өнерлі өрен мемлекеттік тілде де мүдірмей сөйлейді. Көптеген халықаралық, республикалық байқауда топ жарып жүр.

Қазір Юрийдің репертуарында осындай рухты күйл өте көп. Өнерге қатты қызыққан өнерпазды 10 жасында ата-анасы музыкалық мектепке әкеледі. Сол кезде түрлі аспаптардың ішінен орыс баласы қазақтың домбырасын таңдайды. 

"Домбыра мені өзінің үнімен, өзінің зор дыбысымен қызықтырды. Енді білмеймін, өзіме қатты ұнады осы аспап", - дейді күйші Юрий Кочетыгов.

Юрий – кәсіби күйші. Олай деуге толық негіз бар. Өйткені ол музыкалық мектепті тәмәмдағасын бірден Біржан сал атындағы музыкалық колледжде домбырашы мамандығын меңгерген. Ал оның ұлттық аспапқа деген махабаты үйдегі қарындасына да әсер еткен. Қазір ол да ағасының жолын қуып, домбырада ойнайды.

"Біздің отбасы сондай өнерлі отбасы. Менің Злата атты қарындасым бар. Ол да мен сияқты №3 қазақ мектебіне барды. Сосын музыкалық мектепке барып, домбырға түскен", - дейді күйші Юрий Кочетыгов.

Қазір жас күйші шаһардағы мәдениет ошақтарының бірінде қызмет етеді. Юрийдің бойындағы өнер мен домбыраға деген құрметін әріптестері де жоғары бағалайды.

"Ең бір қасиеті – оның қазақ тілде еркін сөйлейтіні. Одан кейін ұлттық аспап – домбыраны толық игергені. Сол аспаптың құлағында ойнайды ғой. Сол көңілімнен шықты. Жұмыста да өте жауапкершілігі мол. Берілген тапсырмаларды уақытында орындайды", - дейді "Достар" мәдениет сарайының әдіскері Жалғас Тұйғынбеков. 

Өнер ұлтқа бөлінбейді. Қос ішектен күмбірлете күй төккен кейіпкеріміз соның айқын дәлелі. Ал Юрийдің басты арманы – қазақтың домбырысын әлемдік аренада ойнап, баршаға паш ету. Ол келешекте өзінің жеке музыкалық мектебін ашуды жоспарлап отыр.

Фото: видео кадры 

Байланысты жаналықтар

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

22.05.2025

Атыраулық 14 жастағы дзюдошы "Балқадиша" әнін айтып, Казнетті тәнті етті

22.05.2025

Биыл 60 бала терезеден құлаған - статистика

21.05.2025

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

20.05.2025

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025
MalimBlocks
Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

Атыраулық 14 жастағы дзюдошы "Балқадиша" әнін айтып, Казнетті тәнті етті

Биыл 60 бала терезеден құлаған - статистика

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған