457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақ табылды

Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің маңында жоғалған Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізген ғарыштық мониторинг нәтижесінде көл акваториясында майлы дақ байқалып, оқиға орнына құтқарушылар дереу жөнелтілді.

Іздеу барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері анықталды. Қазіргі уақытта ТЖМ мамандары арнайы техникамен жұмыс жүргізіп жатыр: эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары қолданылуда.

Іздестіру жұмыстарына 200-ге жуық адам, 40 техника бірлігі, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және ТЖМ-нің 2 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ