Алматыда 341 млн теңгені талан-таражға салған емхана бухгалтерлері сотталды

Олар ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударған.

Сабина Асқарқызы

  • 15.08.2024

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаева сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Байланысты жаналықтар

Көшпенділер ойындарында емханалар мен ауруханалар қалыпты жұмыс істейді

08.09.2024

Орал тұрғыны әйелінің жалаңаш фотоларын таратқаны үшін 3 жылға сотталды

05.09.2024

Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

03.09.2024

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

02.09.2024

Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымы қаралатын күн белгілі болды

01.09.2024

Ақтөбеде ЖОО басшысының әйелі студенттерден ақша алып отырған

01.09.2024
MalimBlocks
Көшпенділер ойындарында емханалар мен ауруханалар қалыпты жұмыс істейді

Қала әкімдігі стационарлар белсенділігі төмендемейтініне сендірді

Орал тұрғыны әйелінің жалаңаш фотоларын таратқаны үшін 3 жылға сотталды

Ол қазір Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша сотталып отыр

Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды

Бақытжан Байжанов сотқа берген өтінішін қайтарып алды

Бұл туралы ақпаратты Жоғарғы сот берді

Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымы қаралатын күн белгілі болды

Шағым қаралатын күн Сот кабинеті сайтында жарияланды

Ақтөбеде ЖОО басшысының әйелі студенттерден ақша алып отырған

Алғаш қаражаты 100 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін барады