Алматыда ҰБТ тапсырып шыққан 11-сынып оқушысы қайтыс болды

Алматыда субұрқаққа түскен жас жігіт қайтыс болды

Арман Қайыпхан

  • 19.06.2024

Бүгін 19-мусым күні Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  15 қабатты ғимаратының алдында 11-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше оқиға 16:00 шамасында университет аумағында орын алған. Алматы қаласындағы жалғыз ҰБТ тапсыру орталығы болып саналатын Қазақ Ұлттық Университетінен Ұлттық біріңғай  тест тапсырып шыққан. Үш 11-сынып оқушысы, субұрқақта су шашып ойнау барысында баланың  аяғы тайып құлаған.

Бейресми мәліметтерде, субұрқақ ішіндегі электр тоғы қатты соғып баланың жүрегі тоқтап қалған көрінеді. Марқұмның жаныдағы екі досы көмек көрсетуге тырысқан. Алайда қайтыс болған оқушының денесі ауыр болғандықтан судан алып шығу оңайға соқпапты. Жасөспірімдер алғашқы көмек көрсетуге үлгермеген деген ақпарат тарауда.

Жедел-жәрем көлігі ҚазҰУ қалашығына кіретін тіке жол болмаған соң, ұзақ тежеліп тұруға тура келді. Оқиға орын алған соң шамамен 1 сағатта жедел-жәрдем мен тәртіп сақтау қызметкерлері келіп жеткен. Мәйіттің үстін жауып, тексерістен өткізген соң университет аумағынан алып кетті. Марқұмның ағасы да оқиға орнына жетіп, өз көзімен көрді.

Айта кетейік, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында қайғылы оқиға алдында мектеп түлектері субұрқақта шомылуға бел буған. БАҚ хабарлауынша, өлімнің нақты себебі не болғаны әзірге белгісіз.

Көз жұмған баланың университет студенті еместігі айтылды. Қайғылы оқиғаға қатысты қалалық ПД:

«Бұл факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды