Алматылықтар бүгіннен бастап жолақыны қымбаттатылған бағамен төлей бастады

Сондай-ақ, қолма-қол төлем болмайды

Мәди Саматұлы

  • 03.08.2024

Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктегі жолақы 100 теңгеден 120 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаладағы жолақының құны өсетіні әрі қолма-қол төлем алынып тасталатыны шілденің басында айтылған еді. Мұндай шешім себебін әкімдік қоғамдық көліктерге қажет бөлшектер мен керек-жарақ дүниелердің бағасының өсіп жатқанымен түсіндірген. Екінші жағынан соның есебінен тасымалдаушыларға бюджеттен берілетін субсидия мөлшерін азайту көздейтіндерін айтқан.

Сонымен қазір қаладағы айлық билет құны былай қалыптасты:

айлық жол жүру билеті – 9900 теңге;

студенттік айлық жол жүру билеті – 4200 теңге;

оқушылардың айлық жол жүру билеті – 2 мың теңге;

зейнеткерлердің айлық жол жүру билеті – 3 мың теңге.

Сонымен қатар, енді жол ақысы қолма-қол ақшамен төленбейді.

Жолаушылар жол ақысын Ebay филиалдарында және 115 тұтынушыларға қызмет көрсету орындарында сатып алатын көлік картасымен төлей алады. Одан бөлек, ұялы телефоннан SMS арқылы және мобильді қосымшамен төлейді.

Айта кетейік, қоғамдық көліктің жолақысы Астанада да өскен еді. Мұнда 1 тамыздан бастап жолаушылар 90 теңгенің орнына 110 теңге төлейтін болды.

Фото: Ж.Каримова, Vlast.kz

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді